Spotify: Әндері 3,5 миллиард рет тыңдалған жұлдыз

Америкалық әнші Ариана Гранде Spotify стримингтік платформасында жаңа рекорд орнатты. Оның 3 альбомы 3,5 миллиард рет тыңдалған.

Нақтырақ айтатын болсақ, музыка сүйер қауым Ариананың My Everything, Dangerous Woman және Thank u, next альбомдарындағы композицияларды бірнеше мәрте тыңдаған.

Қазіргі таңда ең атақты әншілер қатарынан түспей келе жатқан Ариана Гранде аталған 3 альбом шыққалы бері рекорд жаңартумен келеді. Оның есімі Billboard Hot 100 рейтингінің тарихында да қалатын болды. Жоғарыда атап өткен Thank U, Next альбомындағы 3 әні қатарынан алдыңғы орындардан көрінді.

Мұндай жетістікке осыған дейін тек "Битлз" тобы жеткен еді. 1964 жылы ливерпульдік төрттік рекорд жаңартып, олардың Can't Buy Me Love, Twist and Shout және Do You Want to Know a Secret тректері чарттың көшін бастаған-ды.

Бұл оқиғадан 50 жыл уақыт өткенде алғашқы 3 сатыны Ариананың 7 Rings, Break Up With Your Girlfriend, I'm Bored және Thank U, Next әндері иеленді.

Естеріңізге сала кетейік,  осыған дейін Spotify рекордын әнші Бейонсе орнатқан еді. Ол кезде оның үш альбомы миллиардтан астам тыңдалым жинаған еді. Олар  – 4 (2011),  I Am... Sasha Fierce (2008) және Beyoncé (2013).

Тыңдаушылар арасында ең танымал тректер Run the World және Love On Top әндері болды. Осы екеуінің өзі 400 миллион мәрте тыңдалған.

Бөлісу: