Димаш Құдайберген Қытайдың үздік әртісі атанды

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Қытайдың “Internet Bull Ears awards 2019” жүлдесін жеңіп алды.

“Internet Bull Ears awards-2019. Қытай. Бейжің. Қытай жүлдесі үшін көп рахмет. Жылдың үздік әртісі марапатын алу – үлкен ғанибет. Барлық жанкүйерлеріме, ұйымдастырушыларыма және қытайлық командама алғыс айтамын”, - деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Thank you very much for the China Award. It is nice when you are awarded as the best artist of the year. Thank you to all my fans, organizers and my Chinese team.

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)26 Дек 2019 в 4:46 PST

Сонымен бірге, Димаш Қытай телекөрермендері үшін жаңа жылдық бағдарламаның түсіріліміне қатысты.

Бұған дейін Димаш Құдайберген Ресейде “Жылдың ең үздік әншісі” атанған болатын. Ал, Румынияда оның жанкүйерлері әншінің концертін ұйымдастырғысы келетіні айтылды.

Сондай-ақ, Димаш Құдайберген италиялық фэнтези жанрындағы фильмнің саундтрек әнін шырқайды. Туынды 2020 жылдың наурыз айында жарыққа шығады.