Өзбекстанда туған қазақ дирижері Алматыда концерт өткізеді

Өзбекстанда туған қазақ дирижері Алматыда концерт өткізеді
Фото: Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі 15 қараша күні сағат 19:00-де QURMANGAZY ORKESTRI концерттік залында Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты, Өзбекстан Ұлттық симфониялық оркестрінің бас дирижері Әлібек Кабдурахмановтың "Классика тербетеді" атты концерті өтетінін хабарлайды. Өтетін орны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 83. 

Ташкент қаласында дүние есігін ашқан қазақ баласы алғаш рет Ата-қонысында жеке кешін өткізбекші. Аталған концертте Г.Дәуірбаева, Б.Мықтыбаев, Т.Рахметов, Ә.Рақымжан сындыелімізге еңбегі сіңген өнер иелері қатысады.

Билеттерді оркестр кассасынан және «ticketon.kz», «kassir.kz» сайттарынан алуға болады.

А. Оралқызы