Димаш Құдайберген Прагада жеке концертін өткізеді

Димаш Құдайберген Прагада жеке концертін өткізеді
Фото: vk.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 2020 жылы 25 наурызда Чехия астанасы – Прагада жеке концертін өткізеді. Бұл туралы әншінің өзі instagram парақшасында хабарлады.

“Чехия Республикасында – Прагадағы TIPSPORT ARENA стадионында кездескенше достар! ARNAU” (See you in the Czech Republic in Prague at the TIPSPORT ARENA stadium.ARNAU), - деп жазды  instagram әнші парақшасында. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

See you in the Czech Republic in Prague at the TIPSPORT ARENA stadium.ARNAU

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)12 Ноя 2019 в 5:04 PST

Еске сала кетсек, әншінің 7 желтоқсанда өтетін Нью-Йорктағы концертіне билеттер 13 қыркүйекте сатыла бастағанын, 1,5 ай ішінде Димаштың жанкүйерлері барлық 7000 билетті сатып алғанын жазған едік.

Т. Раушанұлы