Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / “Әлем халықтарының музыкасы. Мәдени мұраны сақтау”: конференциясы қалай өтті?

“Әлем халықтарының музыкасы. Мәдени мұраны сақтау”: конференциясы қалай өтті?

“Әлем халықтарының музыкасы. Мәдени мұраны сақтау”: конференциясы қалай өтті?

Бүгін, 11 қазанда белгілі этнограф, қазақстандық музыкатану және композиторлық мектептің негізін қалаушылардың бірі Александр Викторович Затаевичтің 150 жылдығының аясында,  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Мәскеу қаласында Халықаралық ғылыми конференция өтті.

Конференцияны П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының ректоры Александр Сергеевич Соколов құттықтау сөзімен ашты: "Бұл конференция біздің ортақ бағытымызға жасалған тағы бір қадам болмақ. Оқу жылының басы болғандықтан, бірнеше конференция өтіп жатыр. Бірақ бұл шараның қорытындысы жаңа зерттеулерге бастайтынына сенемін," – деп қатысушыларға сәттілік тілеп,  ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевке алғыс хат ұсынды. 

"Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен оқытушыларының белсенді жұмыстары консерваториялар арасындағы жылдарға жалғасқан шығармашылық, ғылыми қарым-қатынастың одан әрі жетіле түсуіне ықпал етеді. Одан бөлек, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының мәдени байланыстарын нығайтады," – дейді профессор Соколов.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев Александр Затаевичтің 150 жылдығымен құттықтай отырып, құрметпен қарсы алған П.И. Чайковский консерваториясының ұжымына алғыс білдірді. "Бүгін біз ғалым, қоғам қайраткері, композитор, этнограф Александр Затаевичтің 150 жылдығын атап өту үшін бас қостық. Оның еңбегі Қазақстан ғана емес, әлем бойынша бейматериал мәдени мұраларды сақтаудың үлгісіне айналды. Бұл конференция зерттеушілер арасындағы серіктестікті нығайтып, жаңа идеялар мен ашылулардың бастамасы болады деп сенемін", – деп ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың сәлемін қатысушыларға жеткізіп, бастамаға сәттілік тіледі.

Ашылу салтанатының қонағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Қазақстанның еңбек ері Айман Мұсақожаева этнограф Александр Затаевичтің жұмыстары бүгінгі жас композиторлар үшін таптырмас мұра екендігін айтты. Шараға қолдау көрсеткен П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының ректоры Александр Соколовқа шапан жауып, қазақтың сый тарту дәстүрін көрсетті. 

Сонымен қатар, П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының ректоры Александр Сергеевич Соколов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен серіктестік жөніндегі келісімшартқа қол қойып, болашақта екі мемлекет арасындағы мәдени қарым-қатынастың нығая түсетініне сенім білдірді.

Ал конференция қатысушылары Александр Затаевичтің қазақстандық және ресейлік ғылымдағы мұрасын ғана емес, одан бөлек музыкалық дәстүрді бейматериал мұра ретінде сақтаудың жолдарын, замануи мәдениеттегі рөлі, дәстүрлі музыканы зерттеудегі жаңа бағыттарды талқыға салды.

Конференция аясында дәстүрлі музыка майталмандары шеберлік сыныптарын өткізіп, Александр Викторович Затаевич жинағының тұсаукесері өтті. 

Аталған шараға Қазақстан, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Болгария және Өзбекстан елдерінен ғалым-этномузыкатанушылар және шығыстанушылар қатысты.

Бұл – үш күнге созылатын шараның екінші күні. Ертең ғылыми конференцияның жалғасы өтеді. Ал шараның жабылу салтанатында Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының Үлкен концерттік залында Нұрғиса Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі өнер көрсетеді.

5
Рейтинг: +9

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 11 қазан, 19:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.