Ғасыр дауысы: Шарль Азнавур

Ғасыр дауысы: Шарль Азнавур
Фото: vk.com

Бүгін француз композиторы, әнші әрі актер, тұтас бір ғасыр дауысына айналған Шарль Азнавурдың өмірден өткеніне 1 жыл толды.

Time журналы мен CNN арнасы Шарль Азнавурға ХХ ғасырдағы үздік эстрада әншісі деген баға берді. Өнердегі мансабында 1300 ән жазып, оларды Рэй Чарльз, Боб Дилан, Лайза Миннелли сынды аса талантты әншілер орындаған болатын. Ұлы шансонье Фрэнк Синатра, Селин Дион және Лучано Павароттидай керемет орындаушылармен қосыла ән шырқады. 2017 жылы Голливудта оның атындағы жұлдыз ашылды. Бұл жаңалық барша әлем жұртшылығының қабырғасын қайыстырды. Ол өмірден өтсе де, әншінің дауысы өнер деп соққан жүректерде ұзақ сақталары хақ. 

Оның композицияларынан өз жан-дүниесін көретін өнерпаздар әр әнді айрықша мәнерде орындау арқылы Азнавур туындыларының ғұмырын ұзартуда. Әсіресе, ол өмірден өткеннен бергі 1 жыл бұған дәлел бола алады. Осы орайда көзге жас ұялататын ерекше орындаулар топтамасын ұсынып отырмыз.

Хибла Герзмава "Мәңгілік махаббат"

Эрза Муколи "Богема"

Ясмин Аммари "Мама"

Сөз соңында, армян ұлтынан шыққан ұлы шансоньемен әлем қалай қоштасқанын көру үшін соңғы сапарға шығарып салу рәсімінен видео материал ұсынамыз.


А. Оралқызы