Ұлыбританияда XXI ғасырдың үздік әнін таңдады

Ұлыбританияда XXI ғасырдың үздік әнін таңдады

Ұлыбританияда XXI ғасырдың үздік композиясын таңдады, деп жазады Billboard басылымы.

Лицензиялы музыкалар бойынша PPL компаниясы Snow Patrol рок тобының Chasing Cars туындысын ғасыр әні деп таныды. Бұл ән 2006 жылы радиода ең көп тыңдалған екен.

Snow Patrol рок тобының солисі Гари Лайтбоди айтуынша, бұл музыка өзінің ашықтығы және қарапайымдылығымен ерекшеленеді.


 

А. Рысдәулет