Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концертін өткізеді

Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концертін өткізеді
Фото: ztb.kz

Қазақстандық танымал әнші, ерекше дарын иесі Димаш Құдайберген АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жеке концертін бермек. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбайұлы instagram парақшасында жазды.

- АҚШ-та Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қолдауымен және ұйымдастыруымен Димаштың концерті өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты. Ерекше кездесу өткізген министр Димаш Құдайберген АҚШ-та жеке шығармашылық концертін беретінін жеткізді. Аты әлемге әйгілі өнер иесінің бұл кеші Нью-Йорк қаласында болмақ, - деп хабарлады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aidar Kyrykbaıýly (@aidar_kk)1 Июл 2019 в 8:05 PDT

Еске салсақ, Димаш Құдайберген жақында ғана елордада "Арнау" атты жеке концертін беріп, одан түскен қаржының бір бөлігін Арысқа көмек ретінде аударатыны жайлы айтқан. Сондай-ақ, осыған дейін отандасымыздың Лондон және Мәскеу қалаларында да жеке ән кештері өтті.

Н. Үсенова