Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Димаш концертінен түскен қаржының бір бөлігін Арысқа аударады

Димаш концертінен түскен қаржының бір бөлігін Арысқа аударады

Димаш концертінен түскен қаржының бір бөлігін Арысқа аударады

Димаш Құдайберген Нұр-Сұлтанда өткен концертінен түскен қаржының бір бөлігін Арыстағы ағайынға көмек ретінде аударатын болды. Бұл туралы әнші концерт кезінде айтты.

- Өздеріңіз де білесіздер, өзіміздің қандастарымыз, бауырларымыз, Арыстағы ағайындарымыз қандай жағдайға түскенін. Сөздің шыны керек, көбісі менен сұрады, концерттің не керегі бар деген секілді айтылды. Бірақ, дегенмен алыс-жақын шетелден келіп жатқан қонақтарымыз бар. Соларды ескеру керек болды. Сондықтан Арысқа көмек ретінде осы концерттен түскен қаражаттың бір бөлігін аударамын деп шештім. Бұл сіздердің де көмектеріңіз боп саналады,  ағайын - деді Димаш Құдайберген концерт кезінде.

Әншінің Арнау деп аталған жеке концерті Елорда күнін тойлауға арналды. Қазақтың дәстүрлі әндері, қазақстандық және шетелдік танымал композиторлардың әндері шырқалды. Димаш өзі шығарған әндерді де орындады. Ұйымдастырушылар 64 елден жанкүйерлер келгені жайлы ақпар таратты.

Телекөрермендер әншінің концертін 6 шілде күні Елорда күні қарсаңында Qazaqstan ұлттық арнасынан тамашалай алады.

Айта кетейік, 24 маусым күні Арыстағы әскери қоймада жарылыс болған еді. Оқыс оқиға салдарынан 3 адам қаза тапқан. Қала толықтай эвакуацияланып, 4 күннен кейін барып оралды. Қазақстандықтар қала тұрғындарына көмек қолдарын созуда.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: Тұрар Қазанғапов
Қосылған күні: 30 маусым, 10:48

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.