Данэлия Төлешованың жаңа бейнебаяны жарық көрді

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешованың жаңа бейнебаяны жарық көрді. Бұл жаңалықты Данэлия өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Жас жұлдыз жазбаға былай деп жазған: «Таңғаларлық әнші Эмбер Рэйлидің #Colourblind атты әніне кавер жазып, тыңдарманға ұсынғаным үшін қуаныштымын».

Бейнебаян YouTube видеохостингіне салынғалы екі тәулік өтті. Дәл қазіргі уақытта видео 46 мыңнан астам қаралым жинаған.

Айта кетейік, Данэлия осыған дейін «Каникулы off-line» фильміне арналған жаңа әніне бейнебаян түсірген болатын. Талантты орындаушының барлық клиптерін Данэлияның YouTube-арнасынан тамашалауға болады.