Димаш Құдайбергеннің алғашқы бейнебаяны жарыққа шықты

Димаш Құдайбергеннің алғашқы бейнебаяны жарыққа шықты
Фото: Скрин

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің алғашқы бейнебаяны жарыққа шықты. Бейнебаян "Screaming" әніне түсірілген.

Видеоклип 23 мамырда әншінің YouTube хостингіндегі арнасында жарияланды. "Screaming" деген əнімнің бейнебаяны көңілдеріңізден шығады деген үміттемін", - деп жазған Димаш Құдайберген видеосының сипаттамасына.

Клип бір тәулікке жетпей 10 000-нан аса көрілім жинаған. Желі қолданушылары әншіні алғашқы бейнебаянымен құттықтап жатыр.

"Screaming" әнінің шығатыны туралы бірер күн бұрын instagram парақшасында Димаштың өзі жазған болатын.

- Екі күннен кейін ағылшын тіліндегі əнге түсірілген бейнебаяным көрерменге жол тартпақ. Əннің композиторы Muhgal осы күнге дейін Rihanna, Usher, Cherul Fermandes - Versini, Shakira, Ne-Yo, Avisi сынды əншілерге əндер жазған. Сонымен, жақында ғана жарық көрген "Screaming" деген əнімнің бейнебаяны көңілдеріңізден шығады деген үміттемін, - деп хабарлаған еді.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген бүгін 24 жасқа толды.

Ө. Сансызбай