Әннің де естісі бар, есері бар

Әннің де естісі бар, есері бар
Фото: blog.cognifit.com

Поэзия адамзат өмірінде пайда болғаннан бері әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарды бейнелеп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейтін аса маңызды құрал рөлін атқарып келеді. Ертедегі қазақ өлеңдерінің  қай түрі болсын әнге келеді: баяу, желдірме, шайқама әнмен айтылады, оқылады. Бірақ бұрынғы мен қазіргінің поэзиясын, оның мәтінін салыстырсақ, арасы жер мен көктей. Тәуелсіздік алғалы бері бертін келе әндеріміздің мәтіні қысқарып, шала-жансардың күйін кешуде. Бұрынғы ақын-жырауларымыздың әдемі суреттеулері, тартымды ұйқастары, астарлы сыны, көркем метафоралары, адамды тебірентпей қоймайтын лиризимдері бүгінгі ақындардың аузында жай айтылған сөздер болып қалды, яғни ақындардан мардымды поэзия күтуден қалдық.

Қазіргі қазақ әндерінде оның ішінде эстрада жанырындағы әндердің сөзінен поэзияға кері әсерін тигізетін элементтерді жиі байқаймыз. Бұл мәселе жөнінде кемшіліктердің өрескел тұсын айтқан поэзия жанашырлары, әдебиет сыншылары, тілшілер көптеген басылым беттерінде, эфирлік бағдарламаларда талқылағанып жұртшылыққа ұсылынғанымен еш нәтиже болмай отыр. Әндердің сөзіндегі құрылым, поэзияның өзіндік өлшем талабына, ішкі ережелеріне сай келмейді. Бүгінгі таңдағы бұндай «антипоэзия» құбылысын әдебиетші ғалымдар «кетік ұйқас», «толымсыз ұйқас»сынды теңеулермен ғана шектелуде. Қоғамның үлкен дертіне айналып бара жатқан поэзиямыздағы бұл сауатсыздық, ешқандай зерттеу жұмысының нысанына ілікпеген.

Қазақ әндерінің жанырлық ауқымы өте кең. Түрлі тақырыптарды қамтиды: тұрмыс – салт, балалық шақ, жастық дәурен, табиғат лирикасы, махаббат, туған жер,т.б. Поэзияның ерекшелігі – ол қоғамда болып жатқан жағыдайды белгілі өлшем бірліктеріне сыйдыра отырып бейнелеу. Қазіргі әндердің тақырыбының ауқымын байқасақ,көбі дерлік бір тақырыпты арқау еткен. Әндердің тақырыбының бір емес бірнеше әндерде үнемі қайталанады. Әсіресе, «Жаным», «Махаббатым», «Келші жаным», «Менің   жүрегім», «Сүйіктім», «Жыламашы», «Қош бол», «Тәттімсің», «Ғашықпын», «Сағындым», «Сен»,т.б тақырыптағы әндердің мағынасы мен идеясы да бір, тек сөздердің орны ауыстырылған көшірмелер секілді. Қазіргі әндерден осы кезеңдегі тақырыптарды да байқауға болады. Мысалы: «Телефон», «Whatsap», «Биле», «Ғаламтор», «Отырмаймын агентте» секілді. Осындай тақырыптағы әндердің қазақ эстрадасында жаппай орындалуына халықтың да аса қарсылығын байқамаймыз. Халық әндерінде, XX ғасырдың бас кезі мен екінші жартысындағы әндердің тақырыбына назар аударсақ, жоғарыда айтылған тақырыптарды кездестірмейміз. Жарына немесе ғашығына арналған әндердің тақырыптарының өзі астарлы, бейнелі сөз тіркестерінен құралып, әндердің атауының өзі жанама түрде болып келген. Мысалы: «Айқызыл гүл», «Ақ саусақ, қыпша бел», «А,құрбым,айдай ау», «Алтын сырға,жез түйме», «Аман бол,құрбым», «Айқаракөз» ,т.б. Үкілі Ыбырайдың әйгілі «Гәкку» әнін Камила атты сүйген қызына арнап шығарған, мұнда ғашығы аққу құсқа баланып, ән қайырмасындағы аққу құстың үніне ұласатын «гәкку, гәкку» деген одағайлармен шебер үйлесім тауып,автордың ой-қиялынан туған арман мен зарды бейнелейді. Осындай жанама түрде айтылатын әндерді бүгінгі эстрададан сиреп кетті. Әндердің тақырыбындағы жан-жақтылық жоғалып, эстраданың барлығы дерлік махаббат  тақырыбын арқау еткен. Эстрадағы әндердің тақырып тапшылығын өткен әндерді еске түсіріп, салыстырып қарасақ бірден байқаймыз.

Жоғарда айтқанымыздай поэзиядағы тақырыптың пайда болуының өзі күрделі процесс. Осы тақырыптың дұрыс әрі ұтымды пайдаланудың көзі әр ақынның шеберлігі деуге болады.Біз атап кеткен кезеңдердегі тақырыптардың бір-бірінен ажырытып қарады. Ал бүгінгі әндердің тақырыптары сауатты ой өзегінен пайда болмай, жалаң түрде жасалған дүниелер болып отыр.

Қазіргі қазақ әндерінің көркемдік ерекшелігіне назар аударсақ ат үсті жасалған дүние екенін байқаймыз. Әндердегі өлшем - өрнектер, бейнелеу құралдарының қолданылуында поэзияның ішкі заңдылықтарына сай кемейді. Бүгінгі ән әлеміндегі поэзиямыз жүректен шықпай, ұйқас қуалаушылық, жаттанды, қайталауға толы болып бара жатыр.

     Әні:Ж.Дұғалованың,сөзі:Р.Зайытовтың «Сен емес» әні.

       Сен сезім сырын тыңдаттың,

       «Сүйемін» деп тіл қаттың

        Неге жаным?

        Мен түндерімді ұрлаттым,

        Махабаттан мұң таптым

        Неге жаным,неге жаным,жаным,неге?

        Қасымда менің сен емес,сен емес

       Алдамшы бір елес.

       Оятар мені сен емес,

       Мен емес бағым.

6 тармақтан,8,7,4 буынды, аралас ұйқасқа құрылған. Бірінші шумақтың бірінші тармағындағы өлең тіркесіне мән беретін болсақ,(сезім сырын тыңдаттың) ұйқас қуалаушылықпен дұрыс қолданбаған. Себебі сезім сырын ашу, түсіну, ұғу сынды сөздермен байланысқа түседі. Ал жоғардағы қолданылған тіркес мағынасыздыққа бой алдырғанын байқаймыз. «Мен түндерімді ұрлаттым, Махаббаттан мұң таптым». Осы екі тармақтыңда өзара байланысы жоқ, логикасыз құрылған сөз тіркесі. Әр сөздің талғаусыз, көңіл елегінен өткізбей жалаң түрде пайдалану өлеңнін қасиетін кемітіп жібереді. Екінші шумақтағы 4 тармақтан 11,6,8,5 буынды шұбыртпалы ұйқасқа келетін бұл шумақтарда бірін-бірі мағына жағынан мүлдем толықтырмайтын тармақтарды байқаймыз.

Қазақ өлеңі силлабикалық яғни буынға негізделген өлең екені белгілі. Олай болса буын мәселесі қазақ өлеңінің құрлысын байыптаудағы басты мәселе. Қазіргі әндерде буынға бағынбаушылық та кездеседі.

                            Тереземнен таңға дейін,

                            Көз алмай тұрдың үмітіңді үзбей.

                            Алғаш көрген күнен кейін 

                            Соғыңымнан жүрсің көлеңкемдей.

 

                            Сенің маған махаббатың

                            Бара-бара,жана-жана жалған болмай ма?

                            Сенің маған берген сертің 

                            Соңында жауапсыз қалмай ма?

Осы сынды өлеңдерді қанша буынды өлеңнің қатарына жатқызарыңды білмейсің. Әр шумақ – аяқталған синтаксистік ой, жинақталған синтетикалық шындық. Ал қазіргі өлең жолдарынан мән –мағыналы ой мен иірімді суреттеулер кездестіру қиын.

Ән әлеміндегі поэзиямыздың кешегі өткір поэзиядан біраз сапалық өзгешеліктері бар. Әнге сөз жазып жүргендердің шумақтағы өлең тармақтарының біразын бөлшектеп келтіру, ұзын тармақтарға қысқа тармақтарды араластыру кең орын алып жүр. Бұл поэзияға жаңалық әкелемін деп артық қылам деп тыртық қылып жүргендердің сауатсыз дүниелері.

М. Ақан