Альбомдары миллиардтан аса тыңдалым жинаған әнші

Альбомдары миллиардтан аса тыңдалым жинаған әнші
Фото: vk.com

Әнші Бейонсе үшін Spotify қызметіне өз музыкасын орналастыруы аса маңызды емес болғанына қарамастан, ол жаңа рекорд орнатты. Әншінің бірден үш альбомы миллиардтан астам тыңдалым жинады. Олар  – 4 (2011),  I Am... Sasha Fierce (2008) және Beyoncé (2013).

Тыңдаушылар арасында ең танымал тректер - Run the World және Love On Top әндері. Осы екеуінің өзі 400 миллион мәрте тыңдалған.

Оның Spotify қызметіне өз музыкасын орналастыруының маңызды болмау себебі  жолдасы рэппер Jay-Z-мен бірлескен дәл Spotify секілді Tidal платформасының бар болуы. Сондықтан оның барлық альбомдары алдымен сонда жүктеледі. Кейін iTunes-қа енгізіледі. Мысалы, бесінші «Beyoncé» (2013) аталатын студиялық альбомы Spotify платформасына iTunes-қа шығарылғаннан кейін бір жылдан кейін ғана орналастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл әнші орнатқан алғашқы рекорд емес. Бейонсе – әйелдер арасында «Грэмми» номинациясын ең көп жеңіп алған өнерпаз. Ол, сондай-ақ, өнер тарихында ең жоғары еңбекақы төленген қара нәсілді әнші болып табылады.

А. Оралқызы