Димаш тағы бір жүлдеге ие болды

Димаш тағы бір жүлдеге ие болды
Фото: vk.com

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген жақында Global golden chart awards марапатында "Үздік әртіс" аталымы бойынша жеңіске жетті. Бұл жөнінде ол өзінің инстаграм парақшасында айтты.

"Global golden chart awards марапатында "Үздік әртіс" аталымы бойынша жеңіске жеттім. Бүгін белгілі себептермен өнер көрсетпесем де алдағы уақытта әдемі әндерімді сіздер үшін шырқайтын боламын. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет", – деп жазды әнші. Марапаттау рәсімі 27 қаңтарда Бейжіңдегі "Жұмысшылар" стадионында өтті. 

Желідегі ақпараттарға сенсек, әнші сырқаттанып қалған. Алайда, оған қарамастан марапаттау салтанатына келіп, "The Crown" әнінің үзіндісін орындады. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш осының алдында "Weilbo Awards" марапатында "Музыкадағы жаңа күш" номинациясын жеңіп алған болатын. Әнші кеше Қытай Жаңа жылына арналған концерттің түсіріліміне қатысты. Түсірілім Бейжіңде өтті. Ол Қытайда танымал әрі сүйікті әндердің біріне айналған "Жасмин" халық әнін орындайды.

Ж. Жұмағұлов