Димаштың екінші концерті өтті

Димаштың екінші концерті өтті
Фото: vk.com

Қазақ елінің мақтанышына айналған талантты әнші Димаш Құдайберген D-Dynasty әлемдік турнесі кезінде екінші жеке концертін Қытай елінің Фучжоу қаласында өткізді. 

Концерт біткен соң әнші инстаграм парақшасына "Бітірдік. Лəззат алдым мен сіздерден!!!!Сіздер Ең мықтысыздар!!! Жақсы көремін қатты!!!" деп өз ризашылығын білдірді. Ол бұған дейін бірінші кешін Чанша қаласында өткізген еді. 

Әнші өз жанкүйерлерін dears  (қымбатты) деп атайды. Концерт барысында ол жақында жазған төл туындысы "Əлемде соғыс болмасын" әнін орындаған соң: "Dears нені білдіреді? Dears – мен үшін әлемде бірліктің, татулықтың және музыканың символы. Негізінде әлемде барлық адам тең. Өкінішке орай, кейбір кісілер пендешілікке салынып, бір адамдардың тағдырымен ойнап жүреді. Ешқашан соғыс болмаса екен, балалар жыламаса екен деген ниетпен осы әнді жазған болатынмын" деп айтып өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш кеше елге оралды. Оны әуежайдан бір топ жанкүйерлер ыстық ықыласпен күтіп алды. Жақында ғана Әлем бойынша 100 ең сұлу адам" (The 100 Most Handsome Faces of 2017) қатарында 76-орыннан көрінді. 

Ж. Жұмағұлов