Димаш Лос-Анджелесте ән шырқады

Димаш Лос-Анджелесте ән шырқады
Фото: vk.com

Миллиондардың сүйіктісіне айналған талантты әнші Димаш Құдайберген АҚШ-та өнер көрсетті. Лос-Анджелес қаласында (АҚШ) елбасымыздың "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында "Spirit of the Great Steppe" — "Ұлы Дала Рухы" атты Қазақстанның мәдениет және кино күндері өтті. 

Бұл шара Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің, ҚР мәдениет және спорт министрлігімен жəне "Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдарының академиясы" ұйымдастыруымен өткізілді. Димаш еліміздің алдыңғы қатарлы шеберлерімен бірге "Saban" театрындағы гала-концертте өнер көрсетті. 

Ол бұл кеште төлқұжатына айналған "Дайдидауды" жəне "I am singer" байқауының алғашқы кезеңінде айтқан "SOS d'un terrien en detresse" әндерін орындады. 

Естеріңізге сала кетейік, осының алдында "Amercan Music Awards" шарасында қызыл кілемнен жүріп өтті. Оны әуежайдан бір топ америкалық жанкүйерлері ыстық ықыласпен күтіп алды

Ж. Жұмағұлов