Димаш "American Music Awards" шарасында қызыл кілемнен жүріп өтті

Димаш "American Music Awards" шарасында қызыл кілемнен жүріп өтті
Фото: vk.com

Миллиондардың сүйіктісіне айналған талантты әнші Димаш Құдайберген "Music Awards" шарасында қызыл кілемнен жүріп өтті. Бұл кеш кеше Лос-Анжелес қаласында өтті. Биыл ол 45-ші рет ұйымдастырылды. 

Бұл отандасымыздың АҚШ-қа алғашқы сапары. Оны америкалық жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды. "American Music Awards" АҚШ-тың ең танымал музыкалық марапаттау шарасы. Ол 1973 жылдан бастап жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

Кештің ең алғашқы жүргізушісі поп музыка королі Майкл Джексон болған. Димаш – бұл жобаға шақырту алған алғашқы қазақстандық. 

Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз орындаған "Moonlight over the Sea" əні Голливудта "HOLLYWOOD MUSIC IN MEDIA AWARDS" музыка бəйгесінде "The best original song of video game" (Үздік саундтрек) номинациясы бойынша жеңіске жеткен болатын. 

Ж. Жұмағұлов