Димаш орындаған саундтрек Америкада топ жарды

Димаш орындаған саундтрек Америкада топ жарды
Фото: vk.com

Миллиондардың сүйіктісі, талантты әнші Димаш Құдайберген жақсы жаңалығымен бөлісті. Отандасымыз орындаған "Moonlight over the Sea" əні Голливудта "HOLLYWOOD MUSIC IN MEDIA AWARDS" музыка бəйгесінде "The best original song of video game" (Үздік саундтрек) номинациясы бойынша жеңіске жетті. 

Әнші бұл туралы өзінің инстаграм парақшасына жазды: 

"Құрметті, менің тыңдармандарым!!!!! Қуанышты хабарыммен сіздерді қуантуға асықпын. Бүгін Америкада Голливудта "HOLLYWOOD MUSIC IN MEDIA AWARDS" музыка бəйгесінде "Moonlight over the Sea" атты əнім "The best original song of video game" (Үздік саундтрек) номинациясы бойынша жеңіске жетті. Композитор: Thomas Parisch мырзаны, осы жобаға атсалысқан Америкалық əріптестерімді, өз командамды шын жүректен құттықтаймын!! Тілеулес ағайынға барша жерлестеріме, осы уақытқа дейін менімен бірге болған тыңдармандарыма үлкен алғыс білдіремін!"

Жеңіс құтты болсын! Әлем таныған отандасымыздың жетістіктері бұнымен тоқтап қалмасы анық. 

Айта кетейік, атақты кәсіпкер, қытайлық әйгілі "Alibaba Group" интернет-компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Димашқа сыйлық жасады.

Ж. Жұмағұлов