«I`m A singer Kazakhstan» жобасын көріңіз де, көлік ұтып алыңыз!

«I`m A singer Kazakhstan»  жобасын көріңіз де, көлік ұтып алыңыз!
Фото: 31 арна

31 арна «My Singer» жобасында супер-акция жүріп жатқанын естеріңізге салады. «I`m A singer Kazakhstan жобасының ең белсенді көрермендері ұтысқа қатысып, су жаңа көліктің иесі атануына үлкен мүмкіндік туды.  

Бұл үлкен көлемдегі «I`m A singer Kazakhstan» жобасының ең қызған шағы! Шоуға қатысқан 4 үміткер жарыс жолынан шығып қалды, бұл дегеніңіз қалған үміткерлердің біреуінің асқақ арманы орындалып, ең басты жүлде "Елдің ең үздік дауысы" атағын жеңіп алу сәті жақын қалды деген сөз. Сондай-ақ, музыкалық сериалдармен бірге, «My Singer» деп аталатын акция күздің ең биік теле оқиғасына орайластырылған серпін береді. Додаға 1200 адам қатысып, олардың саны күннен күнге артып келелді. Жеңімпазды ерекше сыйлық, су жаңа  Hundai i30 көлігі күтеді. 

Акция шартары өте қарапайым: 

1)  Әр жексенбі сайын сағат 21:00-де  «I`m A Singer Kazakhstan» жобасын жібермеу көру. 

2) 31 арнаның Instagram, Facebook желілеріндегі парақшаларын жіті бақылап, байқау тапсырмаларын орындау.

3). Берілген тапсырмаларды белгіленген күнге дейін (31.12.17) орындап, жариялайтын жазбаңыздың астына (сурет немесе видео)  #singer31 хэштегін қою. Әр тапсырманы орындаған сайын қатысушыға финалдық ұтысқа қатысу үшін лотореялық билет беріліп отырады.

Байқауға кез келген уақытта қатыса аласыз. Бастысы – қатысушы көп болған сайын көліктің кілтіне ие болу мүмкіндігі де жоғарылайтынын есте ұстау. 

Бұдан басқа, әр апта бөлінген уақыт ішінде тапсырманы орындаған қатысушылар арасында қосымша құнды сыйлықтар ойнатылады. Сондықтан, біздің парақшаларымызды қарай жүріңіз, тапсырмаларды орындап, сыйлық ұтып алыңыз!

Кезекті тапсырма сенбі күні кешке «I`m A singer Kazakhstan» жобасының бесінші шығарылымы қарсаңында жарияланады. Ал, эпизодды, тосынсыйлар мен үздік әндерді жексенбі күні, яғни 22 қазан сағат 21:00-де көре аласыздар. 31 арна ұсынған ерекше сыйлықты ұтып алғыңыз келсе, қатысыңыз!

Барлық мәліметтерді Singer.31.kz сайтынан, сонымен қатар 31 арнаның Instagram және Facebook парақшаларынан біле аласыздар.

Ж. Жұмағұлов