Marvel әншілердің альбомдары бойынша комикстер жасамақ

Marvel әншілердің альбомдары бойынша комикстер жасамақ
Фото: vk.com

Енді сүйікті әншініңіз superhero болады. Өйткені, Marvel әншілердің альбомдары бойынша комикстер жасамақ.

Мұндай қызықты тәжірибе бірінші атақты әнші Тhe Weeknd альбомына жасалатын болады. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Marvel Comics компаниясымен бірлесе ұйымдастырылған коллаборациясын ұсынды. Жазбада әлемдік жұлдыздың Starboy альбомы бойынша бірнеше комикстер сериясы шығатынын хабарлаған.

Бірінші комикс мұқабасының суретіне қарасақ, оны қызықтау мүмкіндігі тек 2018 жылы ғана туатынға ұқсайды. Сюжет желісі туралы ешқандай ақпарат жоқ. Десе де, суретте әншінің оң қолы күлгін түске боялғанын көрген жанкүйерлер оның комиксте ерекше қасиетке ие болатынын болжап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Starboy альбомының релизі 2016 жылы 26 қарашада өткен болатын. Бұл Тhe Weeknd шығармашылығындағы үшінші студиялық альбом. Оған  Daft Punk, Лана Дель Рей, Фьючер мен Кендрик Ламар сынды беделді әншілер өз үлесін қосқан.

Ал, сіз Marvel комикстерінен қай әншіні көргіңіз келеді?

А. Оралқызы