Music Avenue – мерекесіне асығыңыз!

Music Avenue – мерекесіне асығыңыз!

10 қазанда – Music Avenue музыкалық аспаптар дүкенінде үлкен мереке. Шара әлемдік музыка күніне арнайы ұйымдастырылып отыр. Бұл күні әртүрлі музыкалық аспаптар көрмесі мен қазақстандық музыка диктаторларының шеберлік сыныптары өтпек.

Ән мерекесі artparovoz.kz, musicavenue.kz сайттарында онлайн эфирде көрсетілмек. Сонымен қатар, кәсіби әрі әуесқой музыканттардың шедеврі саналатын 1920 жылы қолдан жасалған Gibson акустикалық гитарасы мен 1954 жылғы Fender Stratocaster электрогитарасын көре алады. Көрменің таныстырылымын ҚР еңбек сіңірген әртісі әрі танымал тележүргізуші Айгүл Бабаева жүргізеді деп күтілуде. 

Естеріңізге сала кетсек, Music Avenue ән дүкені өзінің 10 жылдығына байланысты өзінің бұрынғы МузZon атауын Music Avenue деген атқа ребрендинг мақсатында ауыстырған. Қазақстанның жетекші музыканттары саналатын Далер Халилов, Нодар Машуров, Юрий Леонов, Сергей Литвинов, Mapex, Виктор Хоменков, Эдуард Саршаев секілді өнерпаздардың өнерін көруге асығамын деушілер, 10 қазанда сағат 14.00-де Алматы қаласы, Байтұрсынов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан Music Avenue дүкеніне асығыңыздар.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: good.kz

А. Құлтай