Димаш бүлдіршіндермен кездесті

Димаш бүлдіршіндермен кездесті
Фото: vk.com

Көрермендердің көзайымына айналған талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген кеше Астана қаласындағы SOS балалар ауылында кішкентай бүлдіршіндермен кездесті. Бұл туралы әншінің әкесі Қанат Айтбаев өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында хабрлады. 

Димаш әр бүлдіршінге ерекше мейірімін білдіріп амандасты. Кездесу барысында Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін шырқап берді. 

Естеріңізге сала кетейік, 27 маусым күні EXPO-2017 көрмесі аясында Астанада Димаштың «Бастау» атты жеке шығармашылық концерті өтеді. Концертке бірнеше шетелдік танымал жұлдыз келеді. Ол жуырда қытайлық Tencent компаниясының 3D форматтағы «Moonlight Blade» атты онлайн ойынына арналған «Уақыт-теңіз» (时光·沧海) әнін орындады. Саундтрек шілде айының басында шығады деп күтілуде.

Ж. Жұмағұлов