Dudu Tassa & The Kuwaitis: еврей және араб әуендерін тоғыстырған еліткіш сарын

 Dudu Tassa & The Kuwaitis: еврей және араб әуендерін тоғыстырған еліткіш сарын
Фото: kaz.tengrinews.kz

Алматыда The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалінің бірінші күнін Dudu Tassa & The Kuwaitis жобасы аяқтады. Фестиваль open-air форматында Абай атындағы Республика сарайында өтіп жатыр. Концерттің екінші бөлімі ертең сағат 17.00-де басталады.

Бүгін сахнаға соңғы болып Израильдан келген  Dudu Tassa & The Kuwaitis жобасының музыканттары шықты. Музыканттар иврит және араб тілдерінде ән айтты. Сондай-ақ, әншілер Қазақстанға Иордания астанасы Амманда өткен концерттен кейін келіп отыр екен. Израильдің Қазақстандағы елшісі Михаэль Бродскийдің айтуынша, араб елдерінде көрермендердің израиль топтарының өнерін сүйіп тыңдағаны сирек кездесетін жағдай. Израиль тобының орындауындағы ән сезімталдығымен ерекшеленді. "Біздің музыка өте сезімтал, бізге адамдарды сезіну өте маңызды. Музыканың ешқандай шегі жоқ, музыка - махаббат, жайдарлық. Ең бастысы сезіну және барлығымен бір әлемде болу", - дейді музыкант. Сондай-ақ, олар Қазақстанға тағы қуана келетіндерін айтты. Біз сіздерге алғаш рет келдік, концертке дейін қатты уайымдадық. Қалай өтеді деп. Бірақ біз сахнаға шыққанда осындағы адамдардың бізді қабылдағанын көріп, олардың жылулығын сезіндік. Бізге ұнады!" , - дейді музыканттар.

Қазақстандағы Израиль елшісі Михаэль Бродский де The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалінен алған әсерін бөлісті.  "Израильдің музыканттары бұл фестивальге алғаш рет қатысып отыр. Бүгін осында израиль мәдениетінің таныстырылғанына қуаныштымын. Бірінші күннен алған әсеріміз тамаша! Бұл этникалық фестиваль Еуразиядағы ең бірі фестиваль болып саналады. Кіммен сөйлессем де, барлығы The Spirit of Tengri фестивалі жайлы және оның жоғары деңгейде өтетінін біледі. Тамаша! Музыканттар осындай алаңда өнер көрсетуден тек ләззат алады", - деді елші.

The Spirit of Tengri фестивалі әлем елдерінің этникалық салт-дәстүрлерін Қазақстан жерінде таныстарын мәдени жоба. Жобаны Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Өткен төрт жылда фестивальге әлемнің 30-дан аса елінен музыканттар мен этникалық музыканттар тобы қатысты.

А. Оралқызы