Қыдырәлі мен Қарақат 4 ұлдан кейін қызды болды

Қыдырәлі мен Қарақат 4 ұлдан кейін қызды болды
Фото: Today.kz

Қазақ эстрадасының жұлдызды жұбы Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина 4 ұлдан кейін қызды болды. Бұл туралы Қыдырәлінің өзі инстаграмдағы жеке парақшасында мәлім етті: «Жүрегім қуанышқа толып, Алла бере салған Бақыттың "іңгәсін" естіп, кішкене абдырап, түс көріп жатқан жоқпын ба десем, ояумын, қызық та қуанышты, өң мен түс араласып кеткендей, бақыттың "нокдаун"-нан есеңгіреп қалғандай, ғажап бір хәлдемін. Бәріңізбен бөліскім келеді! Қазақтың шексіз Ұлы даласына жар салып, айқайлағым келеді! Сіздерге де осындай шексіз бақыт тілеймін! Аллаға сансыз мадақ айтамын! Мейірімді Алла берекесімен бергей! Жүрегiн иман нұрымен нұрландырып, өзін де, мінезін де көркімен, ұзақ ғұмырымен, баянды Бақытымен, өзінің сүйікті құлдарының қатарынан етіп, екі өмірдің абыройын нәсіп еткей! Барлық періште-сәбилерге де тілегім осылай...», - деп жазды ол. 

Бекболат, Иманәлі, Нұрәли, Айсұлтан есімді төрт баланы тәрбиелеп отырған отбасы бұл сәбиді ұзақ күтті. Қарақат сұхбаттарының бірінде "қызды болсам деген ақ арманы бар екенін" жасырмай айтқан еді.

Естеріңізге салсақ, Қыдырәлі – елімізге танымал табысты продюсер, бизнесмен болса, Қарақат – қазақтың сүйікті әншісі. 1999 жылы шаңырақ көтерген жұптың арасы – 14 жас. Бесінші сәбиді дүниеге әкелген Қарақат осылайша "көп балалы ана" атанып отыр. 

Massaget.kz порталы жұлдызды жұпты құттықтай отырып, сәбидің деніне саулық тілейді. 

М. Оңғарова