Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Димаш елбасының қабылдауында болды

Димаш елбасының қабылдауында болды

Димаш елбасының қабылдауында болды

Кеше миллиондаған тыңдармандардың жүрегінен орын алып үлгерген талантты әнші Димаш Құдайберген елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қабылдауында болды. Мемлекет басшысы әншіні Қытайда өткен "I аm а Singer" байқауындағы жетістіктерімен құттықтап, батасын берді

Кездесу барысында Димаш Елбасын жеке қолдауы үшін және Қазақстан атын шығаруға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді. 

"Мені MTV Music Awards номинацияларының біріне ұсынғалы жатыр деп естідім. Өзімнің арманым - үлкен аренада жанды дауыспен концерт беру. Сол арманыма қол жеткізуге үлкен демеу көрсетіп жатқаныңызға көп рақмет айтамын", - деп өзінің ыстық ықыласын білдірді. 

Естеріңізге сала кетейік, сонымен бірге әнші Ассамблея сессиясында сөз сөйледі. "Құрметті Елбасы, сізге және осы уақытқа дейін мені қолдап келген барша өнерсүйер жерлестеріме үлкен рақмет айтуға рұқсат етіңіз. Сіз қазақ елін әлемге таныттыңыз. Өнерім арқылы, әнім арқылы қазақтың болмысын, табиғатын, өшпес тарихын, ата-бабаларымыз әуелетіп кеткен халық әндерін әлем сахналарында орындау, шарықтату — менің басты мақсатым болды, алдағы уақытта болып қала бермек", — деді Димаш.

Тағы айта кетерлік жайт, ғаламтор бетінде әншінің Ассамблея кезінде қолын жүрегіне қойып еліміздің әнұранын қосыла шырқап тұрған видеосы да пайда болды. Сондай-ақ әншінің концертіне билеттер сатылымға шықты. Билетті мына сілтемеге кіріп, онлайн тапсырыс беріп ала аласыз.

0
Рейтинг: +1

Фото: vk.com
Қосылған күні: 27 сәуір 2017, 14:06

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.