Димаш жартылай финалда "Confessa" әнін орындады (Видео)

Талантты әнші,отандасымыз Димаш Құдайбергенов "I am singer" ән байқауының жартылай финалында итальяндық әнші Адриано Челентаноның "Confessa" және "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын орындады. Димаш бұл жолы 9-шы болып шығып, әдеттегідей биік деңгейде өнер көрсетті.  

Димаштың орындауын көріңіздер:

Естеріңізге сала кетейік, жобаның финалдықкезеңі 15-сәуір күні тікелей эфирден көрсетіледі. Отандық Хабар телеарнасынан тікелей эфирден тамашалай аласыздар. Бұл күні Димаш қытайлық танымал әнші Шаң Венжемен бірге ән шырқайды.