Димаш 10-кезеңде 3-орын алды (Видео)

"I am a singer" тележобасында бақ сынап, тартысты өнер көрсетіп жатқан отандасымыз Димаш Құдайбергенов байқаудың 10-кезеңінде өнер көрсетіп, үздік үштіктің қатарынан көрінді. Бұл кезеңде әнші Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған "Ұмытылмас күн" әнін қазақ, қытай тілдерінде орындап, байқаудың ақтық сынына жолдама алды. Димаштың бүгінгі орындауын көріңіз.