Димаштың жанкүйерлері жеңіске жетті

Димаштың жанкүйерлері жеңіске жетті
Фото: vk.com

Кеше ғана отандасымыз, жас талантты әнші Димаш Құдайбергенов Қытайдың Sina сайтына берген сұхбаты 4 сағаттың ішінде 1,8 миллион көрілім жинаған. Ал, бүгін әншінің барша жанкүйерлері тағы да жақсы жаңалықтарымен бөлісті.

(Dears) Қытайдың weibo сайты өткізген жанкүйерлер жарысында Димаштың жанкүйерлері жеңіске жетті. Байқау шарты http://m.weibo.cn/status/4084814640382488 сілтемесіне кіріп, Димаштың суретінің үстінен басу керек. Жеңіс көрілім саны бойынша есептеледі. Нәтижесінде, Dears 60 миллион көрілім жинап, жеңімпаз атанды. Енді осы жеңістің құрметіне Димаштың суреті Шанхай ((Shanghai Bund) және Нью-Йорк қалаларындағы (Times Square) LED экранға шығатын болды. 

Біз де ғаламторда белсенділік танытқан әр жақтағы барша Димаштың жанкүйерлерін жеңістерімен құттықтаймыз! Естеріңізге сала кетейік, бүгін "I am singer" ән байқауының 9-кезеңі көрсетіледі. Димаш Селин Дионның "All by myself" әнін орындап, 2-орынды иеленді. 

Ж. Жұмағұлов