Димаш: "Фонограммамен мүлде ән айтқым келмейді"

Димаш: "Фонограммамен мүлде ән айтқым келмейді"
Фото: vk.com

Бүгінгі таңда қалың көпшілікке өзінің ерекше өнері арқылы танылып үлгерген талантты жас әнші, отандасымыз Димаш Құдайбергенов Қытайдың weibo.com порталына сұхбат берді. Әнші сұхбат барысында "I am singer" жобасына қалай дайындық жасағаны, қытай тілін үйрену керектігі жөнінде пікір білдірді. 

Байқаудың 8-кезеңінде Димаш Хан Хунның "Таң атты" әнін сырқаттанып тұрса да шебер орындап шыққанына барша тыңдарман куә. Димаш: "Денсаулығыма алаңдап жатқан жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Жарысқа шығар алдында арнайы екпе жасаттым. Оның 10 сағатқа ғана күші жетеді. Ауырып тұрсам да фонограммамен ән айтқым келмейді. Халықтың алдында барынша шын бейнемді көрсеткім келеді",- деп айтып өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш "I am singer" ән байқауының 9-кезеңінде Селин Дионның "All by Myself" әнін орындап, 2-орын иеленді. 9-кезең, ертең, яғни 18 наурыз күні эфирден көрсетіледі. Ал, аталған байқаудың 10-кезеңінде 3 орын алып, финалға өтті. Бұл кезеңде ол О.Байсеңгірдің сөзіне жазылған өзінің "Ұмытылмас күн" әнін орындады. 

Ж. Жұмағұлов