Димаш 3-кезеңде алғашқы үштіктен табылды

Димаш 3-кезеңде алғашқы үштіктен табылды
Фото: facebook.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Қытайда өтіп жатқан «I am a singer» ән байқауының 3-кезеңінде 3 орын алды. Байқауды әдеттегідей Hunan TV арнасы көрсетті. Отандасымыз рок музыка тарихындағы әйгілі Queen тобының «Show most go on» әнін шебер орындады.  

Қытайлық Чжао Лэй «Чэнду» атты халық әнін орындап, екінші орын алса, Қытайдың тағы бір танымал әншілерінің бірі Тань Цзин «Ынтызарлық» әнін сәтті орындап, жеңімпаз атанды. 

Димаштың орындауын көре отырыңыздар!

Айта кетелік, Димаш Құдайбергенов жалпы есеп бойынша 1 орында келеді. Келесі кезең 11 ақпан күні өтеді.

Ж. Жұмағұлов