Димаш 3-кезеңде қандай ән орындайды?

Димаш 3-кезеңде қандай ән орындайды?
Фото: s1.saz-alemi.kz

Қытайдағы "I am singer 2017" ән байқауында өнер көрсетіп жатқан қазақстандық жас талантты әнші Димаш Құдайбергенов өзінің инстаграм желісіндегі парақшасына: "Халықаралық 28-ші қысқы универсиада ойындарында өнер көрсетіп, бүгін Бейжің, әрі қарай Чанша қаласына жолға шықтым! Алда дайындық. Ақпанның 4-ші жұлдызы келесі байқау күнінде атақты #Queen тобының репертуарынан "Show most go on" әнін шырқаймын! Шоу басталды!" – деп жазған еді.  

Байқаудың 3-кезеңі 4 ақпанда өтеді. Отандастарының өнерін асыға күтіп жүрген көпшілік тыңдарманға бұл өте қызық жаңалық болғалы тұр. Алдыңғы айтқан әндерінен асырып айтпаса, кем айтпайтынына сенеміз. Өзінің музыкалық мүмкіндігін қаншалықты көрсете алатынын аз күннен соң білетін боламыз. 

Queen (ағылшынша – "ханшайым") тобы – 70 жылдардың ортасында аты әлемге әйгілі болған британдық рок топ. Топ құрамы: Джон Дикон, Фредди Меркьюри, Брайан Мэй, Роджер Тэйлор. Әлемдік рок тарихында үлкен табыстарға жеткен топтың  "Sheer Heart Attack",  "A Night at the Opera", "I Want to Break Free", " The Works", "A Kind of Magic", т.б. секілді танымал альбомдары бар. 

Осыған дейінгі өткен екі кезеңде де отандасымыз жеңіске жеткен болатын. Qween тобының «The show must go on» әнінің клипін көре отырыңыздар!


Ж. Жұмағұлов