Димаш Құдайбергенов Қытайда өтетін байқауда бақ сынайды

Димаш Құдайбергенов Қытайда өтетін байқауда бақ сынайды
Фото: vk.com, instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайбергенов биыл Қытай елінде өтетін I am Singer ("Мен Әншімін") байқауына қатысады. Бұл туралы әнші өзінің инстаграмдағы парақшасына жариялады.

"Күллі әлем мойындаған әншілермен бір сахнада болып, Қазақ атын баршаға жар салу – мен үшін үлкен мәртебе!" – деп жазды ол. 

Ал әншінің директорының айтуынша, Димаш дәл қазір Қытай елінде. "Байқауға жеті әнші қатысады, алтауы – қытайлық, жетіншісі – Қазақстан атынан Димаш Құдайбергенов. Димаш іріктеудің бірінші, екінші турынан өтіп, байқауға жолдама алды. "Мен Әншімін" байқауын Қытайдың HunanTV арнасы 2017 жылдың 21 қаңтарында көрсетеді", – деді әншінің директоры Massaget.kz тілшісіне.  

Ақтөбенің тумасы Димаш Құдайбергенов Белоруссияның Витебск қаласында өткен "Славян базары – 2015" байқауының бас жүлдесін жеңіп алған соң күллі қазаққа танылған еді. Оның табиғат берген дауысы – 5 октава. Өзгеден ерек дарынымен қоса, қазақи болмысымен, терең тәрбиесімен тыңдарман жүрегін жаулаған Димашқа сәттілік серік болсын дейміз. 

М. Оңғарова