Кубалық әнші Исаак Реал – Жұлдыз FM-де

Кубалық әнші Исаак Реал – Жұлдыз FM-де
Фото: tengrinews.kz

Кубалық әнші Исаак Реал ТМД елдерінің өнерпаздарымен бірге ән шырқап, елдер арасындағы мәдени байланысты дамытып жүр. Осыған дейін Орта Азия әншілерімен өнер көрсеткен Исаак Реал қазақ эстрадасында этникалық әндерді рок жанрында шеберлік шыңына жеткізе орындап жүрген "Алдаспан" тобымен бірге "Ай Мария" әуенін орындаған болатын. Бұл жолы тәжік әншісі Фаридуни Хуршедпен бірге "Закия" атты ән шырқап музыка әлеміне тағы бір көңілді ән сыйлады.

Осыған дейін қазақ топырағында шғармашылықпен айналысқан Исаак Қазақстанда уақытша мекен етуге рұқсат алған. Алдағы уақытта Қазақстан азаматтығын алады. Қазақстандағы кубалық әншіге сауалдарыңыз болса, 24 тамыз, сәрсенбі күні, Жұлдыз FM, "Таңғы шоу" бағдарламасына сағат таңертеңгі 8-11 аралығында қонаққа келеді, қапы қалмаңыздар!

Г. Берік