Желіде Бибігүл Төлегенованың мейрамханада ән айтқан видеосы пайда болды

Аңызға айналған опера әншісі Бибігүл Төлегенова 86 жасында Алматы қаласында мейрамханада ән айтты. Әншінің жанды дауыста орындағаны бейнеленген видео YouTube желісінде пайда болды.

Ролик авторының мәліметіне қарағанда, оқиға 29 желтоқсанда "Евразия" қонақүйіндегі мейрамханада болған. 

Бибігүл Төлегенова − Қазақ КСР халық әртісі, КСРО халық әртісі. Алматы қаласында тұрады. 1980 жылдан бері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында вокал сыныбын жүргізеді.

Дереккөз: tengrinews