Биназир Ермағанбетова "Голос" шоуынан шығып қалды

Биназир Ермағанбетова "Голос" шоуынан шығып қалды
Фото: tn.kz

Қарағандылық Биназир Ермағанбетова "Нокауттар" кезеңінде жарыс жолынан шығып қалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Drake Hold On, We're Going Home композициясын орындаған қазақстандық қыз көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлай білді. "Биназир, сіз керемет жансыз. Сіз өте үлкен, қуатты дауыс иесі емесcіз. Дегенмен мен сахнада сізден көз ала алмаймын. Сіз өте керемет билейсіз", – деді Полина Гагарина.

Команда жетекшісі Баста Биназирге музыкаға деген сүйіспеншілігі үшін алғыс айтты.

М. Бисембаева