Ерболат Беделхан "NINETY ONE" атты жігіттер тобын құрды

"Орда" тобының әншісі Ерболат Беделхан "NINETY ONE" атты бес жігіттен тұратын топ құрды, - деп хабарлайды Massaget.kz "Гәкку" арнасына сілтеме жасап. 

Ерболат өзінің инстаграмдағы жеке парақшасына жаңа топтың жарыққа шығатыны жөнінде жиі-жиі жазғанымен, басқа мәліметтерді құпия ұстап келген еді. "Гәкку" арнасына берген сұхбатында продюсер жаңа топ туралы кеңірек айтып берді. "91 жылы Қазақстан егемендігін алды. Тек еліміздің еркіндігі емес, музыканың да еркіндігі мағынасында топты "91" деп атауды ұйғардық", - деді Ерболат Беделхан. 

"Орда" тобының мүшесі Ерболат Беделхан

Ерболат топ жігіттеріне екі жыл бойы әннен, биден дәріс берген. Топтың кенжесі 17-де, үлкені 21-де. Жігіттер тобы k-pop өкілдеріне ұқсағанымен, продюсердің айтуынша, топқа бірде-бір кореялықтың қатысы жоқ. "Бұл – жүз пайыз Қазақстанның жобасы", - дейді ол. 

Жаңа топтың алғашқы синглі 1 қыркүйек күні жарыққа шықты. Бағасын беріңіздер!