Ғаламторда Батырхан Шүкеновтің жаңа бейнебаяны жарияланды (видео)

Ғаламторда Батырхан Шүкеновтің жаңа бейнебаяны жарияланды (видео)
Фото: tengrinews.kz

Ғаламтор беттерінде марқұм Батырхан Шүкеновтің «Аялаған арман-ай» атты жаңа бейнебаяны жарияланды. Бұл туралы tengrinews.kz сайты хабарлап отыр.

Ақ-қара тонмен жасалған бейнебаян отандық телеарналарда көрсетілетін болады. Бейнебаянды Батырхан Шүкенов атындағы қор түсірген. Бұл қор 2015 жылдың мамыр айында құрылған еді. Айта кетейік, бұған дейін Батырхан Шүкеновтің ағасы әншінің орындауындағы жарыққа шықпаған композицияларды көрсететінін, сонымен қатар бірнеше видеоны таныстыратынын айтқан болатын. Сондай-ақ, Батырхан Шүкенов атындағы қор Қазақстандағы музыкалық білім ордаларында әншінің атындағы шәкіртақыны тағайындауды жоспарлап отыр. Қордың негізгі жоспарында әншінің атына мектеп-студия, заманауи техникалармен жабдықталған концерт залын және продюсерлік орталық ашу да бар.

Айта кетейік, қазақ музыка өнерінің майталманы 29 сәуір күні түнде 53 жасқа қараған шағында Мәскеуде жүрек талмасынан қайтыс болған еді. 

О. Сансызбай