Бейонсенің шынайы бет-бейнесі

Бейонсенің шынайы бет-бейнесі

Ғаламтор беттерінде әйгілі әнші Бейонсенің өңделмеген суреттері жарияланды. Шетелдік БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, 33 жастағы америкалық әншінің суреттері L'Oréal Paris косметикалық компаниясының 2013 жылы жасаған фотосессиясы кезінде түсірілген.

Әлеуметтік желі қолданушылары Бейонсенің бұл бейнесін шылым құмар адамның кейпіне ұқсайтып, «фотошопсыз» қорқынышты көрінетінін жасырмады. Ал, тағы бір топ: «Сіз Бейонсенің жаңа суреті тым нашар шыққан деп ойлайсыз ба? Сіздер оны опа-далапты көп қолданады деп айыптайсыздар. Бірақ ол бәрібір де әдемі!», - деген қарсы пікір білдірді.

Тіпті, фан-сайттар әнші менеджментінің араласуымен суреттерді кетіріп тастады. Алайда бұл әрекет суреттің таралуына шектеу қоя алмады.

Британдық ақпарат көздерінің жазуынша, әншінің тыңдармандары құзырлы мекемелерге хабарласып, өңделмеген суретті ғаламторға жүктеген адамдарды табуды талап етуде. Ал, Бейонсенің сенімді өкілдері бұл жағдайға ешқандай пікір білдірмеді. 

Сурет: ofigenno.cc

Н. Айдархан