Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Ибрагим Иса. "Елге сәлем" (видео)

Ибрагим Иса. "Елге сәлем" (видео)

Ибрагим Иса.

 Бүгін қазақтың аяулы ақыны, көптеген ән сөздерінің авторы Ибрагим Иса дүниеден өтті. Ақын сөздеріне жазылған әндер халық арасында кеңінен танымал. Әсіресе композитор Қадырғали Көбентайдың орындауындағы "Елге сәлем" әні қазақ жастарының сүйікті әніне айналды.

Елге сәлем

Алматыда бір ұлың сәлем деді дегейсің,
Сәтін салса құдайым келем деді дегейсің,
Көңіл-күйін байқатпай, кейде жүрер жол таппай,
Сағыныштың сызығы тереңдеді дегейсің.
Алматыда бұл күнде симай-ақ жүр дегейсің,
Туған жерін, достарын қимай-ақ жүр дегейсің,
Қалмағандай тірегі, шытынаған жүрегі,
Амал қанша әйтеуір, қирамай жүр дегейсің.
Алып ұшқан көңілі басылып жүр дегейсің,
Жүдегенін жанының жасырып жүр дегейсің,
Жылу іздеп іздерден, сағыныштай күз көрген,
Шаршаңқырап бұл күнде шашылып жүр дегейсің.
Күтіп жүрген жоқ әзір кәрілікті дегейсің,
Сыйласатын досының бәрі мықты дегейсің,
Жалғыз өскен шынардай, өкінішін шығармай,
Ағайынды, ауылын сағыныпты дегейсің.
Шашына да аз күнде ақ кіріпті дегейсің,
Көңілінің көліне қақ тұрыпты дегейсің,
Тойы болды керемет, шақырғанмын келер деп,
Ағайынды сол күні қатты күтті дегейсің.
Күрмеуге де қысқа жіп келмейді екен дегейсің,
Тірі жанға тіршілік, өлмейді екен дегейсің,
Айтқанының бәрі шын, жалғыз шыбын жан үшін,
Ешкімге де намысын бермейді екен дегейсің,
Байлық пенен мансапқа қызықпапты дегейсің,
Кейде ішпейтін ортада қызып қапты дегейсің,
Белгі болып бұл күннен күн сайынғы кірбіңнен,
Жүрегінде өшпейтін сызық қапты дегейсің.
Жаңалығын ел жақтың біліп жатыр дегейсің,
Қиындыққа сыналып кіріп жатыр дегейсің,
Өз-өзінен байланып, жолға қарап ойланып,
Алматыда бір ұлың жүріп жатыр дегейсің.

Сурет: өңделген

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 27 желтоқсан 2014, 16:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.