Сәбит Алтынайды бірінші болып құттықтады!

Сәбит Алтынайды бірінші болып құттықтады!

Бүгін қазақтың жезтаңдай әншілерінің бірі – Алтынай Жорабаеваның дүние есігін ашқан күні. Елдің ерке әншісін алғашқылардың бірі болып, жары Сәбит Әбдіхалықов құттықтады.

Алтынай Жорабаева Құлажанқызы 1978 жылы 28 қазанда дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Бейнеткеш ауылының тумасы. Үлкен сахнаға алғаш рет 1997 жылы шыққан. Облыстық «Арай» байқауында жүлдегерлер қатарынан көрінсе, ал республикалық «Жас қанат-97» байқауында дипломант атанған. Кейіннен өнер көгіне қалықтап, талай белестерді бағындырды. Халықтың сүйікті әншісіне айналды. «Жүрші сәулем ауылға», «Елімнің жүрегі-Астана» деген үнтаспалары мен «Өмір-өзен» атты бейнетаспа альбомын жарыққа шығарды. Қазіргі таңда Алтынай Жорабаева 4 қызды тәрбиелеп отырған аяулы ана, асыл жар. 2008 жылы әншіге Елбасының жарлығымен ҚР еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. Ол осы атақты иеленген әртістердің ішіндегі ең жасы.

Алтынай Жорабаева туған күнін отбасымен бірге қарсы алды. Мұны әлеуметтік желілерге жүктелген суреттерден-ақ байқауға болады.

Massaget.kz порталы халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген Алтынай Құлажанқызына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен баянды бақыт тілейді! Әндеріңіз тыңдармандар жүрегіне жол тарта берсін! Келіп жеткен жасыңыз өз қуанышы мен бақытын сыйласын!

Сурет: instagram.com

О. Сансызбай