Болат Жолдасов күзде шаңырақ көтермек

Болат Жолдасов күзде шаңырақ көтермек

Ұлықпан Жолдасовтың ұлы Болат Жолдасов осы жылдың күзінде шаңырақ көтермек. Болаттың анасы бүгін өзінің инстаграмдағы парақшасына Болат пен болашақ келінінің суретін салып, "Той қашан?" деген сұраққа "Алла қаласа 11.10.2014... Біздің (Ұлықпан Жолдасов екеуінің ред.) үйленген күнімізде",-деп жауап берді.  

Болат "МұзАрт" тобының гитарисі ретінде өнерін шыңдап, кейін "Бастау" деген топ құрып, жеке шығармашылығына ден қойған еді. Бір сұқбатында Болат атақты әкесінің әсіресе құжат жасағанда пайдасы тиетінін жасырмай айтқан болатын. Ұлықпан Жолдасов болса, халыққа өнерімен ғана емес, Фарида Жолдасова, Болат Жолдасов деген жас жұлдыздардың әкесі ретінде танымал. 

Біз өз тарапымыздан Болат пен оның отбасын қуанышпен құттықтаймыз!

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: vk.com

М. Оңғарова