Әлішер Каримов «Жаңа толқын-2014» байқауында үштікке іліне алмады

Әлішер Каримов «Жаңа толқын-2014» байқауында үштікке іліне алмады

«Жаңа толқын-2014» халықаралық музыкалық байқауының шешуші кезеңінде қазақстандық әнші Әлішер Каримов ақын Талант Арынғали мен композитор Ғалымбек Исимбергеновтың «Әрине» әнін орындап, 67 ұпай алды деп хабарлайды massaget.kz. Үш күннің қорытындысы бойынша Әлішер 210 ұпай жинап, оныншы орынға табан тіреді. 

Қатысушылар «Жаңа толқын-2014» байқауының үшінші, шешуші күнінде өз репертуарларынан ән орындаулары керек болған. Құрамында Игорь Николаев, Леонид Агутин, Валерий Меладзе, Константин Меладзе, Филипп Киркоров және Игорь Крутой бар қазылар алқасы байқаудың үшінші күнінде грузиндік әнші Нуца Бузаладзеге бірыңғай 11 ұпай беріп, 228 ұпай жинаған қатысушы әзірге бірінші болып келеді. Жоғары ұпайларға, сонымен қатар, украиналық әншілер Виктория Петрик пен Вячеслав Рыбиков қол жеткізіп отыр. Алайда байқаудың марапаттау салтанаты ертең, яғни 27 шілде өтеді деп күтілуде.

Қатысушылардың кім, қанша ұпай жинағанын төмендегі кестеден тамашалай аласыздар:

Қатысушының аты-жөні:    1-ші күн    2-ші күн   3-ші күн Жалпы ұпай:    
Нуца Бузаладзе (Грузия)   76   75    77 228  
Әлішер Каримов (Қазақстан)   73   70    67 210  
Вячеслав Рыбиков (Украина)   73   77    74 224  
Виктория Петрик (Украина)   73   77    76 226  
Нодар Ревия (Ресей)   72   73    76 221  
Моника Линкитен (Литва)   71   74    77 222  
Юлия Плаксина (Ресей)   71   74    68 213  
Сэм Он (Израиль)   69   73    73 215  
Сона Рубенян (Армения)   67   76    77 220  
«О Генри» тобы (Ресей)   67   70    68 205  
Стас Шуринс (Латвия)   66   68    73 207  
Антонио Маджио (Италия)   65   66    73 204  
Лидия Исак (Молдова)   64   71    68 203  
Тайшон Колкуит (АҚШ)  

64

  71    76 211  
«Style Mix» триосы (Қырғызстан)
61   66    66 193  
Гледис Дамарис (Германия)   61   65    70 196  

Сонымен қатар, байқау барысында "Көрермендер көзайымы" аталымы бойынша жүлде табысталатын болады. Көрермендер ұялы телефондары арқылы "NW106" сөзін 1212 нөміріне жолдап, Әлішер Каримовке қолдау білдіре алады. Ертең жеңімпаздарға "Хрустальды толқын" мүсіні мен ақшалай сыйлықтар табысталады және Ресей мен шетел әншілерінің қатысуымен гала-концерт өтеді деп жоспарланып отыр.

Сурет: glamurchik.tochka.net

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina