Әлішер Каримов байқаудың бірінші күнінде екінші орында!

Әлішер Каримов байқаудың бірінші күнінде екінші орында!

Әлішер Каримов "Жаңа толқын-2014" байқауының бірінші күнінің қорытындысы бойынша екінші орында келеді. Грузиялық қатысушы Нуца Бузаладзе 3 ұпай айырмасымен озып тұр.

Байқаудың бiрiншi күнiнде Әлішер Каримов ең соңғы болып "Confessa" әнiн орындады. "Confessa" - Италияның танымал киноактері әрі әншісі Адриано Челентаноның әні. Қазақша мағынасы "Мойында" деген сөзді білдіреді.

Естеріңізге сала кетсек, Ресейдің халық әртісі, сазгер Игорь Крутой «Жаңа толқын-2014» байқауында әдеттегідей қазылар алқасының төрағасы. Ал қазылар алқасының құрамында Игорь Николаев, Лайма Вайкуле, Леонид Агутин, Валерия, Валерий Меладзе және Константин Меладзелер бар. Ал бұл топқа Ресейдің халық әртісі Филипп Киркоровтың қосылуы жаңалық болып отыр.

"Жаңа толқын-2014" байқауының бірінші күнінің қорытындысы бойынша қатысушылардың алған баллдық көрсеткіші төмендегідей:

Нуца Бузаладзе (Грузия) - 76 ұпай

Әлішер Каримов (Қазақстан) - 73 ұпай

Вячеслав Рыбиков (Украина) - 73 ұпай

Виктория Петрик (Украина) - 73 ұпай

Нодар Ревия (Ресей) - 72 ұпай

Моника Линкитен (Литва) - 71 ұпай

Юлия Плаксина (Ресей) - 71 ұпай

Сэм Он (Израиль) - 69 ұпай

Сона Рубенян (Армения) - 67 ұпай

«О Генри» тобы (Ресей) - 67 ұпай

Стас Шуринс (Латвия) - 66 ұпай

Антонио Маджио (Италия) - 65 ұпай

Лидия Исак (Молдова) - 64 ұпай

Тайшон Колкуит (АҚШ) - 64 ұпай

«Style Mix» триосы (Қырғызстан) - 61 ұпай

Гледис Дамарис (Германия) - 61 ұпай

Естеріңізге сала кетсек, биылғы музыка бәйгесіне әлемнің 13 елінен 16 қатысушы келіп отыр. Байқау өтетін «Дзинтари» концерттік залының ашық алаңы 30 мыңға жуық көрермен жинады. Фестиваль 27 шілдеге дейін жалғасады. Байқаудың бірінші күні қатысушылар әлемдік хит орындалы, екінші күні, яғни ертең қатысушылар өз елінің әнін ұсынады.

Ал үшінші күні қатысушылар байқауға дайындап әкелген әндерін қазылар алқасына ұсынатын болады. Байқау қорытындысында басты сыйлықтар – үш «Хрустальды толқын» мен ақшалай сыйлықтар, көрермен көзайымының сыйлықтары табысталады.

Автор: Ардақ Құлтай

Сурет: tumar.fm

А. Құлтай