Қанат Ибрагимов шығармашылық кешіне шақырады

Қанат Ибрагимов шығармашылық кешіне шақырады

11 маусымда Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында сазгер Қанат Ибрагимовтың «Сенің көзің» атты шығармашылық кеші өтеді.

Бұл кеште еліміздің белгілі әншілері Мақпал Жүнісова, Рамазан Стамғазиев, «МузАРТ» тобы, актер Бекжан Тұрыс, Нұрлан Албан, «Нұрмұқасан» тобы, Досымжан Таңатаров, Ардақ Балажанова, Меломен, Тарту топтары, Асқар Жүнісбеков сияқты орындаушылар келеді деп күтілуде. Еліміздегі ең жас әнші Ермек Балжігіт те бұл концертте өз өнерін көрсетеді.

Кеш 19.00-де басталады. Билеттер студенттер сарайының кассаларында сатылады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: Алмат Исәділ

А. Құлтай