The Spirit Of Tengri күнделігі: Сайнхо

The Spirit Of Tengri күнделігі: Сайнхо

The Spirit Of Tengri фестивалінің қатысшуларымен таныстыруды жалғастырамыз. Бұл жолы тувалық орындаушы, қазіргі таңда Аустрияда тұратын Сайнхо Намчылак туралы айтатын боламыз.

Сайнхоның өте сирек кездесетін дауысы бар, ол аты әлемге танылған әнші. Орындаушы көмеймен ән айту өнерінің көптеген техникасын меңгерген. Сонымен қатар, Сайнхо әлемге әйелдің көмеймен ән айту дәстүрін тұңғыш болып таныстырған адам.

Сайнхо бастапқыда тува халқының ұлттық фольклорын орындаушы ретінде танылған. Сол кезден бастап-ақ ол фольклорлы музыкадағы жаңалық болады. Сайнхо 1991 жылы еуропаға қоныс аударған соң өзінің өнердегі жолын қайтадан жүріп өтіп, бағындыруы керек болады.

Көпқырлы дарыны бар орындаушы The Spirit Of Tengri фестивалінің сәніне айналады деген ойдамыз.

Оқи отырыңыз:

The Spirit Of Tengri күнделігі: "Арғымақ" тобы

The Spirit Of Tengri фестивалі Алматыда екінші рет өтпек

Дайындаған: Ардақ Құлтай

А. Құлтай