"Тұма" тобы – рок жанрындағы жаңа есім

"Тұма" тобы – рок жанрындағы жаңа есім

Массагет порталының поштасына "Қазақша рок" деген тақырыппен хат келіп түсті. Біз жолданған әндерді тыңдап болған соң, хат авторымен байланысқа шыққан едік. 

Хат авторлары, төрт жігіттен құралған "Тұма" тобы қазақстандық рок жанрына тың серпін әкелу үшін тер төгуде. Осы жылдың мамыр айында "Алыс-жақын жолдар" деген атпен жеке альбомдарын жарыққа шығармақ. Топтағы төрт жігіттің екеуі – Дулат пен Рүстем студент, ал қалған екі жігіт – Мәди мен Мағжан музыкадан өзге салада жұмыс істейді. 

"Тұма" тобының құрылуына мұрындық болған Мағжанның айтуынша, олар тек жанды дауыста өнер көрсетуге бел буыпты. "Шақырылған жерге аппаратымызды арқалап барамыз, жанды дауыста өнер көрсеткенге не жетсін?!" - дейді ол. 

Топ репертуарындағы әндердің сөзін де, әнін де Мағжанның өзі жазады.

Ендеше талапты топтың шығармашылығын талғамы жоғары оқырманның назарына ұсынамыз. Бағасын өзіңіз беріңіз! 

"Тұма" тобы – Сағат тоқтамайды

 

"Тұма" тобы – Алыс-жақын жолдар

 

"Тұма" тобы – Еркіндік

"Тұма" тобы – Тұман

"Тұма" тобы – Ояу түн

"Тұма" тобы – Жанармай

"Тұма" тобы – Ашық көңіл

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Басты суретте: "Тұма" тобы (Сурет топтың жеке мұрағатынан алынды)

М. Оңғарова