Корей өнерпаздары Алматыда қонақта!

Корей өнерпаздары Алматыда қонақта!

2014 жылдың 1 ақпанында, еліміздің бас сахнасы Республика Сарайында оңтүстіккорейлік MYNAME тобы және қазақстандық RIN’GO, JUNIORS топтарының қатысуымен Kazakhstan-Korea: Dream Concert атты үлкен концерт өтеді.

Естеріңізде болса, жаз мезгілінде MYNAME тобы Алматыда өткен K-pop cover dance festival байқауына қонақ ретінде және әділқазы ретінде қатысып кеткен болатын. Сол кезде қазақстандық жанкүйерлеріне міндетті түрде концерттік бағдарламамен келтіндерін мәлімдеген. Және сөздерінде тұрды. Оларға қазақстандық RIN’GO және JUNIORS бойз-бендттері қолдау көрсетпек.

Қосымша ақпарат: MYNAME тобын танымал актер және әнші, «Fly to the Sky» дуэтінің лидері Хван Хи құрған. Бір қызығы, топтың ресми дебюті Хван Хидің әскерге кету күнімен (2011 жылдың 28 қазан айы) сәйкес келді.

Дебюттен кейін 2012 жылдың мамыр айында топ екінші «My Name 1st Single» жұмысын ұсынды. Кейін өнерпаздар Жапония нарығына шығуды ойлап, «Message» және «What's Up» әндерінің жапон нұсқаларын жарыққа шығарады.

Топтың ең танымал «Baby I’m Sorry» әнінің бейнеклипіне «Корей толқынының» жұлдызы Ю О Сон мен Кореяның балуаншысы Чху Сон Ху түскен. Клипті қазақша субтитрлармен мына жерден көре аласыздар.

Сурет: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina