Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Ақ келін" - қыз ұзату тойының бойтұмары

"Ақ келін" - қыз ұзату тойының бойтұмары

Жаңа өмірдің шымылдығын ашып, ақ босағаны аттағалы отырған қалыңдыққа айтар ғибрат-өсиет, нақыл-өнеге үлгісіндегі әнді естіген кез келген тыңдарман тебіреніп, әсер алатыны сөзсіз. Соның бірі белгілі әнші-сазгер Гауһар Әлімбекованың орындауындағы «Ақ келін» әні. Қазіргі таңда бұл әнсіз бірде-бір қыз ұзату тойы өтпейді.

Ә.Оспановтың «Келінге өсиет» әнін гитараға салып, орындап жүрген Гауһар Әлімбековаға ақ дастархан басында өз елінен ақ бата алып, жат жұртқа кетіп бара жатқан қыз балаға арнап ән жазу туралы ой келеді. Бұл 2000-2001 жылдар болатын. Ойға алған дүниесін жүзеге асыру мақсатымен сазгер ерекше әуен жаза бастайды.

Бір күні сол уақытта жарыққа шығып жүрген қыз-келіншектерге арналған «Бикеш» газетінен Гауһар Әлімбековаға сұхбат алу мақсатымен Нәзира Бердалы хабарласады. Ақын мен сазгер осы сұхбат арқасында танысып, жақсы араласып кетеді. Кейін Нәзира Бердалы сазгердің бір әніне сөз жазғысы келетіндігін айтады. «Іздегенге сұраған» дегендей, Гауһар Әлімбекова көптен бері көкейінде жүрген қыз ұзатуға арналған әніне мәтін жазып беруін өтінеді. Көп ұзамай ақын ән мәтінін жазып береді. Дайын мәтін әу бастан жазылып қойылған әуенмен бір үйлесім тапқандай болады. Осылай 2003 жылдың көктем мезгілінде «Ақ келін» әні дүниеге келеді.

Ақын да, сазгер де әуелгі бастан әннің тыңдарман қауымның көңілінен шығуын көздеді. Әр сөзінің астарында терең ой жатқан әсем ән игі пейілмен жазылған. Гауһар Әлімбекова бір сөзінде: «Ән кеңінен танылып, үлкен сұранысқа ие болатынын күтпеген едім. Тыңдарман ықыласы күткен деңгейден де асып түсті»- деп айтқан еді.

«Ақ келін» әні әдеттегі той әндері сияқты емес. Ол - өмірлік серігін тауып, отау құрғалы жатқан кешегі наз қылықты қызға айтатын бар өнегені жырлайтын ән. Қазақ халқының әдемі салттарының бірі қыз ұзату дәстүріне лайықты бірегей ән. 

Ақ келін

Сөзін жазған: Нәзира Бердалы

Әнін жазған : Гауһар Әлімбекова

Бір-ақ күнде қуантып қос ананы,
Сыңсу айтып қыз көңіл босағаны.
Әлпештеген әкеңнің аппақ қызы ең,
Ақ келін боп аттадың,
Ақ келін боп аттадың босағаны.

Қайырмасы:

Аппақ гүлдей ағашқа жаңа біткен,
Үлбірейсің, үміттен жаралып па ең?
Басқа тойлар бастауы - бүгінгі той,
Бүгінгі той - қоштасу,
Бүгінгі той - қоштасу балалықпен.

Сәлем салып, басыңды ие бердің,
Қолтығыңнан сол сәтте сүйеген кім?
Міне, сондай жеңгелер жолын қуып,
«Ана» деген жақсы атты,
«Ана» деген жақсы атты иеленгін.

Шауып кетіп барады құлын-күнің,

Сен бойжеттің – осыны ұғын, гүлім

Ақ дастархан үстінде ақ бата алып,

Жаңа өмірдің ашасың шымылдығын.

Қайырмасы:

Ата-енеңді құрметте, отағасын,
Берік қылып осы үйдің босағасын
Ақ ниетпен отқа май тамызған соң,
Шаңырақтың шаттығы
Шаңырақтың шаттығы – От-Анасың.

Суреттер: oscarvideo.kz, mail.ru

18044 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 23 сәуір 2012, 13:57
Пікірлер
+0
23 сәуір 2012, 16:33

Гауһар әпке, "Ақ келін" және "Келінге өсиет" әндеріңізді менің тойымда айтып кетіңізші. Алдын ала үлкен рахмет!

+0
23 сәуір 2012, 17:41

менің тойымда да Құдай қаласа осы әдер шырқалады :)

+0
23 сәуір 2012, 18:37

Назира Белдалының қолтаңбасы сезіліп-ақ тұрғандай еді. Мағыналы өлең.

+0
23 сәуір 2012, 21:39

иа, мағанда ұнайды осы ән

+0
25 сәуір 2012, 21:04

күшті, мағыналы өлең.

+0
26 сәуір 2012, 09:56

Әкем осы ән ойналып жатса, бірден ауыстырып жібереді....Ол кісіні іштей ұғам.....
тыңдасаң, денең түршігіп, бір түрлі боласың...әдемі әрі әсерлі ән!!!!

+0
11 мамыр 2012, 01:18

менің де папам ауыстырп жібереді ))) 3 бірдей қызы бар, қорқып кететін шығар :(
Сосын "Қызыма" әні туралы жазыңдарш, Анар, а? Оны есітсем, вообще жылағым кеп кетеді )

+0
12 мамыр 2012, 18:20

ол қорқыныш емес, қызғаныш деп ойлаймын...әкем былай тұрсын, анам қызғанады ғой.. қызық болғанда)))

+0
15 мамыр 2012, 10:06

әні жақсы болғанымен, әнші дым ұнамайды, қылықтары да ұнамсыз, жастарға жол беріп, апалардың немеремен ойнап үйде отырғанына не жетсін !!! қазаққа тән емес қой белі бүгілгенше сайрандап жүру, өзімізге тән әдепті сақтаған жөн ғой

+0
24 мамыр 2012, 10:11

Мен жылагым келееееееееед,аке-шешемнин жалгыз кызымын,олар мени куйеуге бермейтин шыгар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...