Рано Умарова мен Әсел Сәдуақасова продюсер атанды

Рано Умарова мен Әсел Сәдуақасова продюсер атанды

Талғат Жорабаев режиссерлік қырынан танылмақ

Талғат Жорабаев екі дос туралы фильм түсіруде деп хабарлайды Хиттв арнасы. Әзірге демеуші жоқ болғандықтан барлық қаржылай мәселені өз мойнына алып, бір жылдың ішінде көрерменге ұсынбақ ниетте. Сонымен қатар, жақын арада «Алыстағы арман» әніне бейнеклипі көпшілікке жол тартпақ.

Әйгерім Қожахан елге оралды


Жақында ғана Ресейде өткен «Әлем аруы 2013» байқауына Қазақстан атынан қатысқан ару Әйгерім Қожахан елге оралды. Бірінші орын алған Габриэла Ислермен қатар Әйгерімнің аты да БАҚ-та көп аталды. Салтанатты шарадан кейін өтетін кеште Ресей аруымен сәлемдесемін деп қазақ аруының басы дауға қалған болатын. БАҚ-та жайлаған екі арудың сүйісін күндегендер де, әзілдегендер де, сыртынан күлгендер де көп болды. Алайда, Әйгерім елге келген соң берген сұхбатта бұл жай ғана сәлемдесу кезінде түсіп қалған сәтсіз кадр деп түсіндіреді. Және бұл келеңсіз жағдайға ата-анасы түсіністікпен қарапты.

Финалға өткен 16 арудың қатарына енбей қалғанына Әйгерім басында қатты налығанын жасырмады. Оған су киімімен дефиле біраз қиынға түсетінін және сондай кездері қатты қысылатынын айтты. Бәлкім, бұл да финалға өтпей қалуына бір себеп болды, дейді ол. Енді ару қызымыз өзін телевидение саласында көрсем деген арманы бар.

Дауыс International тобының құрамы өзгерді

Қазақ эстрадасында он жылдан астам ән салып, өнер көрсеткен Дауыс International тобының құрамы толықтай өзгерді. Топтың бұрынғы мүшелері соңғы жылдары продюссерсіз жұмыс істеп келе жатқаны мәлім болатын. Ал енді әрқайсы өз жеке шығармашылықтарымен айналысуды жөн санапты. Алайда, топтың терең тарихын ескеріп, қазақ сахнасында атының өшпегенін қалаған топ жанашырлары Рано Умарова мен Әсел Сәдуақасова Дауыс International құрамын қайта жасақтап, өздері продюсерлік етуді шешкен.

Квартет құрамына қыздар кастинг арқылы қабылданған. Әзірге топтың мүшелері жайлы толық ақпарат жоқ, бірақ солистерінің бірі Назым Нұртазина актрисалық қырынан танылып жүргені мәлім. Құрылғанына аз уақыт өтсе де, «Кетпе алыс» әніне бейнебаян ұсынды. Тамашалаңыздар!

Cурет: vk.com, top-antropos.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina