Оқи отырыңыз

Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Астана Жұлдызы" ұлттық музыка бәйгесінің нәтижелері

"Астана Жұлдызы" ұлттық музыка бәйгесінің нәтижелері

Жақында өткен "Астана Жұлдызы" ұлттық музыка бәйгесі еліміздегі музыка саласындағы аты шулы шара болды. 100 кәсіби маманнан тұратын әділ қазылар кімдерді үздік деп таныды?

Астананың "Қазақстан" концерт залында өткен шара әншілер, сазгерлер, продюсерлер, БАҚ өкілдерінің және қарапайым көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды. 15 аталым бойынша 45 үміткер сахнадан өз атының аталуын күтті.

Сонымен 100 кәсіби маманнан тұратын Музыкалық Академия өкілдерінің шешімімен Қазақстандағы тұңғыш музыкалық бәйгедегі жеңіс мына үздіктерге тиесілі болды.

"Үздік концерттік шоу" аталымы бойынша жеңіске жеткен Роза Рымбаева және оның ұлы, "Жаңа тыныс" аталымның иегері Әли Оқапов.

"Үздік клипмейкер" аталымы бойынша жеңіс ағалы-інілі Задорновскийларға бұйырды. Сыйды Максим Задарновский алып кетті.

"Үздік этнотоп" – Ұлытау.

"Үздік жігіттер тобы" аталымын баршаға сүйікті топ – Мұзарт тобы алды.

"Қыздар арасындағы үздік әнші" – Маржан Арапбаева.

Хит-тв телеарнасының белгілеген арнайы сыйлығын Орда тобы алды.

"Үздік қыздар тобы" – Кешью. Қыздардың сыйлығын топ продюсері Баян Есентаева алды.

"Үздік сазгер" – Талғат Сарыбаев.

"Ең стильді әнші" – Лидо.

"Үздік дуэт" – Мюзикола.

"Үздік өңдеуші" – Виктор Хоменков.

"Үздік мәтін авторы" – Фариза Оңғарсынова.

"Жыл әні" аталымы Мұзарт тобының "Қазақтай ел қайда" әніне берілді.

"Үзді би тобы" – Виват.

"Ерлер арасындағы үздік әнші" – Жұбаныш Жексенұлы.

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова

6695 10
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 09 шілде 2013, 13:08
Пікірлер
+0
09 шілде 2013, 13:15

Ұлытау тобының құрамы өзгеріп кеткен бе?

+0
09 шілде 2013, 13:19

Әли Оқапов бір сәтте көтеріліп келе жатыр. )) "Үздік дуэт" – Мюзикола" дегенге қосылмаймын. Мюзиколаны керісінше соңғы жылдары сахнадан көрмей кеттік қой. Ал басқа дәреже иегерлерін шын жүректен құттықтаймын. Лайықсыздар!

+0
09 шілде 2013, 13:53

Жубаға номинацияның бәрін бере салу керек еді! Жуба мықты!

+0
09 шілде 2013, 14:01

ахах))

+0
09 шілде 2013, 14:10

"Жыл әні" аталымы неге "Қазақтай ел қайда" әніне берілгені түсініксіз. Бұрыннан бері келе жатқан ән емес пе?

+0
09 шілде 2013, 15:11

Қайрат Нұртастың жүлдегерлер сапында көрінбегені қызық болыпты. :lol:

+0
09 шілде 2013, 15:41

Бір түрлі өткен жүлде бұл. Негізі, мұндай шараны алдын ала үміткерлерді ел болып іріктеп, дауысқа салып анықтап, өткізу керек. "Ұлытау" тобымен бірге "Тұран" мен "Белес" топтарын үміткер еткен. Айтпағым, "Тұран" жанында анау екеуі ойнамай да қалады. Музарт, Арапбаева, Жұбанышқа еш дауым жоқ. Қалғанына үлкен күмәнмен қараймын

+0
09 шілде 2013, 23:58

бізде үнемі асығыс, істе деген соң істей салған ғо апыл-ғұпыл :roll:

+0
10 шілде 2013, 08:43

Лидо әлі әнші ретінде жүр ме екі жылдан астты емес пе ән айтпағанына :lol:

+0
23 шілде 2013, 00:06

өздері жюри өздері үміткер болғаны қызық екен хээхэхх :P

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...